07 мам, 2020 сағат 19:09

Матвиенко Әшімбаевты құттықтады

Ресейдің Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Cенат спикері болған Мәулен Әшімбаевты құттықтады. 

Матвиенко қазақстандық әріптесімен екіжақты байланысты одан әрі дамытатынына сенім білдірді, деп хабарлады федерация кеңесінің баспасөз қызметі.

Ол халықаралық алаңда да бірлескен жұмыс жалғасатына үміттеніп отырғанын жеткізді. ТМД-ға мүше елдердің парламентаралық ассамблеясындағы жұмысты атап өтті. 

Еске сала кетсек, Мәулен Әшімбаев өткен дүйсенбі күні Президент Жарлығымен Сенат депутаты, Спикері қызметіне тағайындалған болатын. 

2019 жылдың наурыз айынан бастап бұл қызметті атқарған Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.