03 шіл, 2021 сағат 10:05

Матрица: «Қызыл» аймақта 3 қала мен 5 өңір тұр


ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды, Маңғыстау облыстары. 

«Сары» аймақта: Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.