28 қаң, 2022 сағат 17:16

Мәслихаттарда Nur Otan депутаттарының ашық рейтингі жүргізіледі


Мәслихаттарда «Nur Otan» депутаттарының ашық рейтингі жүргізіледі. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірлердегі жұмысты көп жағдайда әкімдерден басқа ешкім көрсетіп жатқан жоқ. Жалпы жұртшылық мұнда партияның қандай рөл атқаратынын көрмейді, өйткені депутаттар бұл мәселеден өздері шет қалып отыр. 

Мәслихаттарда «Nur Otan» депутаттарының жария рейтингін енгізу маңызды. Азаматтар халықтың әл-ауқатын және елдегі өмір сүру сапасын жақсарту үшін халық қалаулыларының не істеп жатқанын көріп, түсінуі тиіс. Мұндай шешім депутаттар жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезінде.

Бұған дейін Президент мәслихат депутатының төсбелгісін жоғары кабинеттерге рұқсаттама деп қарастырмау керегін айтқан еді. Сондай-ақ, Президент қаңтар оқиғалары «Nur Otan» депутаттарының беделі жоқтығын көрсеткенін сынға алды.