3 қыркүйек күні Б.Имашевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Ортсайлауком мүшелері мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына алдағы сайлау жөніндегі мәселені қарастырды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 101 және 113-баптарына сәйкес шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына кезектен тыс сайлау жылына екі рет наурыздың және (немесе) қазанның соңғы жексенбісінде өткізіледі. Осыған орай 2018 жылғы 28 қазанда республиканың 14 өңірінде сайлау өтеді.
Республика бойынша тұтас алғанда 83 бос округ құрылды, соның ішінде:
облыстық мәслихаттарға – 12,
қалалық мәслихаттарға – 9,
аудандық мәслихаттарға – 62.
2018 жылғы қазандағы сайлау науқанына депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың негізгі себептері:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасынан тыс тұрақты тұруға кету – 31;
2) мемлекеттік қызметке қабылдау – 26;
3) отставка туралы жеке өтiнiшi – 16 (соның ішінде денсаулығына байланысты – 5);
4) депутаттың қайтыс болуы - 5;
5) облыстық мәслихат депутаты болып сайлануы – 3;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы – 2.
Мәслихаттар депутаттарының өкілеттігі келесі лауазымдарға сайлауына немесе тағайындалуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды:
аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары – 3 адам;
облыстық (аудандық) маңызы бар қала әкімі, әкімнің орынбасары – 4 адам;
ауылдық округ әкімі – 4 адам.
Облыстық және аудандық денгейдегі жергілікті атқарушы органдардың мамандары болып тағы 14 мәслихат депутаты тағайындалып, 3 аудандық мәслихат депутаты облыстық мәслихат депутаттары болып сайланды.
Кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 28 тамызда басталып, 27 қыркүйекке дейін өткізіледі. Кандидаттарды тіркеу 2018 жылғы 2 қазанда аяқталады.
Отырыс барысында сонымен бірге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «2018 жылғы 5 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарының сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы» Қаулысы қабылданды.
Шығыстар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес, «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді.