10 жел, 2019 сағат 15:03

Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков қайтыс болды

Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков 83 жасында қайтыс болды. Бұл ақпаратты "Интерфакс" және РИА "Новости" агенттіктері хабарлады.

Юрий Лужков 1936 жылы Мәскеуде туған. 1958 жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. 1974 жылдан бастап химия өнеркәсібі министрлігінде қызмет атқарған.

1991 жылы Мәскеу мэрін алғаш сайлаған кезде қала басшысы Гавриил Поповтың орынбасары болып сайланды. 1991 жылы Борис Ельцинді жақтап, ГКЧП-ның "сәтсіз бүлігіне" (путч) қарсы белсене әрекет еткен. 1992 жылы президент жарлығымен қала мэрі болып сайланды.

Ол 2010 жылға дейін қала мэрі болып, Ресейдегі ең ықпалды саясаткерлердің біріне айналды. 1996 жылы ол Ельциннің қайта сайлануын қолдады. Сол жылдың желтоқсан айында Лужков бастамасымен федерация кеңесі Севастопольді Ресей аумағының бір бөлшегі деп жариялады. 1999 жылы Лужков оппозицияға қарай өтіп, Евгений Примаковтың президенттік амбициясын қолдады.

1999 жылы президент сайлауында Владимир Путин жеңіп, Юрий Лужков оны қолдады. Биліктің "Единая Россия" партиясын құруға атсалысты.

Мәскеуді Лужков басқарып тұрған кезде Мәскеу жылдам дәулетті қалалар қатарына қосылды, тұрғындардың жағдайы жақсарды. Алайда сыншылар оны оппозицияны басып-қудалады, жемқорлықтың қатты өрістеуіне жол берді деп айыптады. Оның айналасындағы көптеген адамдар Ресейдегі ауқатты адамдар тізіміне енген. Оның әйелі көп жылдан бері Ресейдегі ең бай әйелдердің тізімінде тұр.