Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
2020 жылғы 9 қарашада мониторингтік топ бақылау шараларын жүргізді, барлығы 55 нысан қамтылды, 15-нен бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, Алмалы ауданында 5 нысан:
- «Динара» сұлулық салоны Масаншы к-сі, 23/12 - маска режимін сақтамау;
- Перде салоны, Масаншы көшесі, 23/12 - маска режимін сақтамау;
- «Жарқын» шамдар салоны, Гоголь көшесі, 151 – маска режимін сақтамау;
- «Алматы Принткз» баспаханасы Гоголь көшесі, 151 - маска режимін сақтамау;
- Стоматология Байтұрсынов көшесі, 16 - маска режимі сақталмаған.
Жетісу ауданында келесі заңбұзушылықтар анықталды:
«ТЕТ-а-ТЕТ» дәмханасы, Геологтар к-сі, 1а / 1 – даяшының маскасы болмаған;
- Айнабұлақ-4 ш.а, «Марьям» дәмханасы, 171 - сағат 23.00-ден кейін жұмыс режимін бұзу;
- Сүйінбай даңғылы, 2 к3, Донер Кебаб Эфенди, -сағат 23.00-ден кейін жұмыс режимін бұзу, қызметкерлер маска тақпаған;
- Сүйінбай даңғылы, 2, Донер - 23:00-ден кейін жұмыс істеді.
Әуезов ауданында сағат 23.00-ден кейін екі нысанда жұмыс режимінің бұзылуы анықталды:
- «Узбечка» дәмханасы Мамыр 7 ш.а, 13 А үй;
- «Место встречи» дәмханасы, Жандосов к-сі, 89 А мекенжайында заңбұзушылықтар анықталды.
Түрксіб ауданында келесі бұзушылықтар анықталды:
- «Oil Center» ТҚКО, Жансүгіров к-сі, 215 - маска режимін сақтамау;
- Қайрат ш.а, Жаяу Мұса к-сі, 420 мекенжайындағы «Довгун» дәмханасында көпшіліктің жиналуымен салтанатты іс-шара өткізген.
Наурызбай ауданының мониторинг топтары да тексеру жүргізді.
- Техникалық байқау, Әшімов көшесі, 20/1 - маска режимін сақтамау;
- «Дархан» дүкені, Репинский көшесі, 21 - маска режимін сақтамау.
Сонымен қатар, қала тұрғындары жұқтыру қаупін тудыра отырып, адамдар көп жиналатын салтанатты іс-шараны өткізуді жалғастырып жатқанын атап өткен жөн.
Мысалы, биыл 8 қарашада Бостандық ауданының мониторингтік тобы Алматы қаласы, Алма-Арасан 13 мекен-жайы бойынша орналасқан «Хан Сарайы» мейрамханасында жаппай іс-шараны (қыз ұзату) жолын кесті. Той қонақтары сағат 15:40-та мейрамханалар шығарылды. Оларға Алматы бас санитарлық дәрігерінің қаулы нормалары жеткізілді. «Хан Сарайы» банкет залының меншік иесінен түсініктеме алынды.
Заңды тұлғаларға қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘқбК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданады.
Алматы әкімдігі кәсіпкерлерді санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауға және қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген талаптарды бұзбауға шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘқбК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды сотқа беру үшін іс қозғау үшін аумақтық прокурорларға берілетін болады.