23 қаз, 2020 сағат 15:25

МӘСҚ медицина қызметкерлеріне 83 млрд теңге үстемеақы төледі

Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры биыл наурыз-тамыз айлары арасында медицина қызметкерлеріне 83 млрд теңге көлемінде үстемеақы төлеген. Бұл туралы COVID-19-ға қарсы күреске орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында қордың департамент директоры Светлана Пономарева айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Наурыз айынан қыркүйекке дейін медицина қызметкерлеріне 83 млрд теңге көлемінде үстемеақы төленген. Оның ішінде ең көп төлем шілде айында 24,8 млрд теңге төленген», - деді дөңгелек үстел барысында қордың медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры Светлана Пономарева. 

Оның айтуынша, төлемдер кез-келген меншік формасындағы медициналық мекеменің қызметкерлеріне берілген.