Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «Nur Otan Trends» пікірталас алаңының кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Аталған іс-шарада партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасы талқыланды. Мәулен Әшімбаев бағдарламада партияның алдағы он жылға арналған күн тәртібі көрсетілгенін айтты. – Мемлекет басшысы өзінің бес әлеуметтік бастамасында, өткен жылдың қазан айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында және съезде сөйлеген сөзінде халықтың әл-ауқатын өсіріп, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған еліміздің жаңа әлеуметтік доктринасын баяндады. Сондықтан партияның жаңа бағдарламасы Елбасының осы доктринасын жүзеге асыруға бағытталып отыр, – деді ол.
Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары бағдарлама негізінде нақты үш қағида көрсетілгенін тілге тиек етті. – Бірінші қағида, бағдарлама мақсаттарының азаматтардың әл-ауқатын арттыруға тікелей бағытталуы. Екінші қағида, инклюзивтілікпен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда қоғам инклюзив дегенді көбіне мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау деп түсінеді. Бұл инклюзивтің мағынасын толық ашпайды. Сондықтан біз бағдарламада оны кең ауқымда қарастырып, көмекке мұқтаж барлық жанға әлеуметтік қолдау көрсетілуін қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Себебі, экономикалық дамудың игілігін еліміздің барлық азаматы мен өңірі бірдей көруі керек. Үшінші қағида, бағдарламаның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына негізделуі, – деді Мәулен Әшімбаев.
Пікірталас барысында «Nur Otan» партиясы жанындағы Стратегиялық бастамалар институтының директоры Әділ Қожықов бағдарламаның мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, азаматтық қоғамды одан әрі дамыту және жастарды қолдау бағыттары бойынша тарқатып айтты. Ал аталған институт директорының орынбасары Евгений Кочетов бағдарламада айтылған қазақстандық отбасылардың жағдайын жақсарту, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласын одан әрі жаңғырту, инклюзивті экономика мен бизнесті дамыту және азаматтарға жайлы жағдай жасау шаралары туралы сөз қозғады.
Сонымен қатар іс-шараға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау мен CSI консалтингті компаниясының басшысы, экономист Олжас Құдайбергенов те партияның жаңа бағдарламасы туралы пікірлерін білдірді. Айта кетейік, «Nur Otan»-ның жаңа бағдарламасы партияның таяуда ғана өткен кезекті XVIII съезінде қабылданды. Құжаттың толық нұсқасымен партияның ресми сайты арқылы танысуға болады. тиіс Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «Nur Otan Trends» пікірталас алаңының кезекті отырысында айтты. Аталған іс-шарада партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасы талқыланды. Мәулен Әшімбаев бағдарламада партияның алдағы он жылға арналған күн тәртібі көрсетілгенін айтты.
– Мемлекет басшысы өзінің бес әлеуметтік бастамасында, өткен жылдың қазан айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында және съезде сөйлеген сөзінде халықтың әл-ауқатын өсіріп, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған еліміздің жаңа әлеуметтік доктринасын баяндады. Сондықтан партияның жаңа бағдарламасы Елбасының осы доктринасын жүзеге асыруға бағытталып отыр, – деді ол.
Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары бағдарлама негізінде нақты үш қағида көрсетілгенін тілге тиек етті. – Бірінші қағида, бағдарлама мақсаттарының азаматтардың әл-ауқатын арттыруға тікелей бағытталуы. Екінші қағида, инклюзивтілікпен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда қоғам инклюзив дегенді көбіне мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау деп түсінеді. Бұл инклюзивтің мағынасын толық ашпайды. Сондықтан біз бағдарламада оны кең ауқымда қарастырып, көмекке мұқтаж барлық жанға әлеуметтік қолдау көрсетілуін қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Себебі, экономикалық дамудың игілігін еліміздің барлық азаматы мен өңірі бірдей көруі керек. Үшінші қағида, бағдарламаның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына негізделуі, – деді Мәулен Әшімбаев.
Пікірталас барысында «Nur Otan» партиясы жанындағы Стратегиялық бастамалар институтының директоры Әділ Қожықов бағдарламаның мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, азаматтық қоғамды одан әрі дамыту және жастарды қолдау бағыттары бойынша тарқатып айтты. Ал аталған институт директорының орынбасары Евгений Кочетов бағдарламада айтылған қазақстандық отбасылардың жағдайын жақсарту, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласын одан әрі жаңғырту, инклюзивті экономика мен бизнесті дамыту және азаматтарға жайлы жағдай жасау шаралары туралы сөз қозғады.
Сонымен қатар іс-шараға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау мен CSI консалтингті компаниясының басшысы, экономист Олжас Құдайбергенов те партияның жаңа бағдарламасы туралы пікірлерін білдірді. Айта кетейік, «Nur Otan»-ның жаңа бағдарламасы партияның таяуда ғана өткен кезекті XVIII съезінде қабылданды. Құжаттың толық нұсқасымен партияның ресми сайты арқылы танысуға болады.