20 қаң, 2026 сағат 10:45

Мас күйдегі әке 10 жастағы ұлына көлік тізгінін басқартып қойған


Фото: скриншот Новости из Кремля
Ресейде мас күйдегі әке аяғы тежегішке әрең жететін 10 жастағы ұлына көлік тізгінін басқартып қойған. Өзі ішімдік ішкен соң, баласынан оны үйіне дейін жеткізіп салуды сұраған, деп хабарлайды Ult.kz.

Нәтижесінде жолда біртүрлі қозғалып келе жатқан автокөлікті Волгоград облысындағы тасжолда полиция қызметкерлері тоқтатқан. Енді әкесі 30 мың рубль көлемінде (198 мың теңге шамасында)  айыппұл төлеп, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлім алдында түсініктеме беруге мәжбүр болады.

Ер адам олардың қонақтан қайтып келе жатқанын айтқан. Өзі жолаушы орнына отырып, көлікті мас болғандықтан ұлына сеніп тапсырғанын айтқан.

Алайда инспекторлар мұндай «амалды» мүлде құптаған жоқ.