18 қаң, 2019 сағат 11:52

Марқұм Ерлан Нұрғалиевтің отбасына АШМ қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды

Браконьерлер қолынан қаза тапқан табиғат сақшысы Ерлан Нұрғалиевтің отбасына ауылшаруашылығы министрлігінің барлық қызметкері бір күндік жалақысын берді.

Сондай-ақ, марқұм мен оқиға күні оның қасында болған серіктесі Петр Ницык «Ерлігі үшін» мемлекеттік марапатқа ұсынылды. Бұл туралы Ерлан Нұрғалиевті ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде Ауылшаруашылығы вице-министрі Арман Евниев айтты, деп жазады abctv.kz.