Фото:prosports.kz
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының XXVII Сайлау конференциясы өтіп, жаңа президент сайланды. Ең көп дауыс жинаған Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді, -деп хабарлайды Ult.kz .
Марат Омаров 1988 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келді. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Британияның Йорк университетін «Философия, саясаттану және экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) бітіріп, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Фото: kff.kz
2012-2014 жылдары - Экономикалық даму және сауда, кейіннен- Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.
2014-2016 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.
2016-2017 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарушы директоры.
2017-2019 жылдары - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді).
2019 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін – «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы тамызға дейін — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болды.
2022 жылғы 16 тамызда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.