Фото: ашық дереккөз
Маңғыстау облысында прокуратура органдары 9 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
Тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтар барлық аудан мен қалада анықталған. Мәселен, Ақтау әкімдігі бір-бірінің құны 6,7 млн теңге деп көрсетілген 12 киіз үй сатып алуды жоспарлаған. Ал олардың нарықтағы нақты бағасы төрт есе арзан болған.
Сонымен қатар қала көшелеріне орнатылуы тиіс жерасты қоқыс жәшіктерінің жобасы да негізсіз қымбаттатылғаны белгілі болды.
