28 қаз, 2021 сағат 12:30

Маңғыстау облысында бес әскери қызметкер жарақат алды


Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау жұмыстары барысында бес адам жараланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2021 жылғы 27 қазанда болған. Ведомство мәліметіне сүйенсек, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонында бес әскери қызметші жараланған.

"Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр", - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, дерек бойынша тексеру басталған.