18 мам, 2024 сағат 00:31

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Фото:gov.kz

Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды.

Нұрдәулет Қилыбай бұған дейін "Өзенмұнайгаз" АҚ басшысы қызметін атқарған. Ол бұл қызметке 2023 жылдың қаңтарында тағайындалды.

Нұрдәулет Қилыбай 1978 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында туған. 1999 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын инженер мамандығы бойынша, 2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.