Фото: instagram.com/abdukodir_khusanov_
Ағылшынның атақты "Манчестер Сити" футбол клубы француздық "Ланс" сапында өнер көрсететін өзбек қорғаушысы Абдукодир Хусановты құрамына қоспау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zamin.uz.
20 жастағы қорғаушыны ағылшын клубы шамамен 50 миллион еуроға сатып алуды жоспарлаған болатын. Алайда бұл жаңалық соңғы күндері жаһандық ақпарат құралдарында талқыланып жатқанымен, жағдай өзгеше өрбіді.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, "Манчестер Сити" Хусановтың орнына бразилиялық футболшы Витор Рейске таңдау жасаған. 19 жастағы бұл ойыншы "Палмейрас" клубының намысын қорғауда және оны ағылшындар 40 миллион еуроға сатып алуды көздеп отыр.
Рейс жақын арада "Манчестер Сити" құрамына қосылу үшін медициналық тексеруден өтіп, келісімшартқа қол қоймақ. Биылғы маусымда жас қорғаушы 38 ойын өткізіп, 2 гол соққан. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 14 миллион еуро деп бағалайды.