2021 жылдың 23 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Үндістан, Корея Республикасы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
4 398 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 366 адам, анықтамасыз 32 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 734 жолаушы, анықтамамен - 2 707, анықтамасыз - 27;
Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, 609 жолаушы анықтамамен келген;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен - 469; анықтамасыз - 5;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 339 жолаушы анықтамамен келген;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 242 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 22 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет:
Анықтамасыз келген 20 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Мале – Алматы рейсімен, екінші жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.