19 шіл, 2021 сағат 19:25

"Мақсат – ауыл мәселелерін көрсету емес, оларды шешудің жолын іздеу"



Ауыл әкімдерін сайлауға арналған үгіт-насихат жұмыстары барысында ADAL партиясынан ұсынылған үміткерлер 2087 адамның қатысуымен 329 кездесу өткізді. Кездесулер барысында ауыл тұрғындары мұң-мұқтажын айтып, проблемаларды көтеріп қана қоймай,  түйткіл мәселелердің қалай шешілетініне қатысты сұрақтар қоюда. 

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының Алмасай ауылдық округі әкіміне кандидат Саят Туарбаевпен кездесуде ауыл тұрғындары қой шаруашылығының дамытуға жайылымдық жерлердің жетіспеуі, субсидиялардың аздығы, интернет және мобильді байланыстың нашарлығына қатысты мәселлерді көтерді. 

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ават ауылдық округі әкіміне кандидат  Гожахмет Кадировқа тұрғындар тарапынан ауыз су тапшылығына қатысты мәселе айтылған (ауылдағы 550 үйдің 387-сі сумен жабдықталмаған). 

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сынтас ауылының тұрғындары ADAL партиясы атынан үміткер Жорахан Әлімқұловқа жем-шөп пен мал бағуға жайылым жерлердің тапшылығын жеткізген. 



Жоғарыда аталған мәселелерді жекелей шешу мақсатында Партияның орталық аппаратында Жобалық кеңсе құрылып, онда білікті мамандар партия атынан сайлаудан өткен әкімдер арқылы ауыл дамуына кешенді шараларды іске асыратын болады. 

Осы Жобалық офис аясында сайланған әкіммен бірге жайылым жердің тапшылығын шешу үшін қолданыстағы жердің бүкіл аумағына ревизия жүргізу, пайдаланылмайтын жерлерді қайтару, ауыл тұрғындарының малын жайу үшін қажетті жерлердің көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Ауылда білікті мамандардың тапшылығын жою үшін егжей-тегжейлі сауалнама жүргізіп, талдау жасап, соның нәтижесінде ауылға нақты қанша маман керектігін анықтау. Одан кейін, «Еңбек» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстар, жұмыс істеп жатқан шаруа қожалықтарында практикадан өтуді ұйымдастыру, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарды тарту мәселелерін іске асыру да қолға алынады. 



Сонымен қатар, ауыз-су тапшылығын шешу үшін бюджет қаражатын міндетті түрде бөлу жөнінде шаралар қабылданбақ. Өз кезегінде ADAL партиясының орталық аппараты әрбір бюджеттік өтінім үшін есептеулермен және экономикалық әсерін талдаумен негіздеме әзірлеп, әкімдерге нақты көмек көрсетпек ойда.  

Осылайша, кандидаттардың халықпен кездесулерде айтылған проблемаларды кезең-кезеңімен шешу жолға қойылмақ.