01 қар, 2023 сағат 14:17

Макрон қазақ мектептерінде француз тілін оқыту туралы өтініш білдірді

Фото: Sputnik Қазақстан

Франция президенті Эмманюэль Макрон қазақ мектептерінде француз тілін оқытуды ұсынды. Бұл туралы ол Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кеңейтілген кездесуде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бізге француз тілін оқыту қазақ мектептеріне қайта оралғаны өте маңызды. Қазіргі жағдайды өзгертуге бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Мен біздің білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге зор үміт артамын", - деді Макрон кеңейтілген кездесуде.

Франция президенті 2024 жылғы қыркүйектен бастап француз-қазақ университеті жұмыс істейтінін атап өтті.

"Студенттер арасындағы байланыстың дамығаны, студенттерімізге арналған стипендиялардың болғаны өте маңызды. Сондай-ақ мен Парижде сіздің еліңіздің мәдени мұрасына арналған көрмені өткізу туралы бастамаңызды қолдаймын. Гиме музейінің төрағасы бүгін менімен бірге келді, қазір біз келесі жылы өткізу мүмкіндігін талқылаймыз", - деді Макрон.

Айта кетейік, бүгін, 1 қарашада Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. Макронның сапары бір күнге созылады.