19 нау, 2019 сағат 19:11

Махмұд Қасымбеков - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Басшысы

Мемлекет басшысының Өкімімен Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.