13 ақп, 2025 сағат 11:54

Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Ал Болат Ақшолақов ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ult.kz

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген. Ол Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерін басқарды. 3 жыл бұрын ҚР Президентінің кеңесшісі болған. 

Соңғы тағайындауға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы лауазымында болған.