22 шіл, 2020 сағат 15:56

Мырзағалиев Көлсай, Есік көлдерінің проблемалары туралы айтты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысындағы Есік көлінің тартылу себептерін атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз мәслихаты барысында министрге көл жағасындағы қонақ үйлерге қатысты сұрақ қойылды. 

Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша дұрыс жүргізілмейтін құрылыс жұмыстарымен заңнамаға сай күрес жүргізу керек.

«Сол себепті Көлсай көлі бойынша мен жеке айналысамын. Ол туралы әлі жеке айта жатармыз. Есік көліне келер болсақ, ол жерде құрылысқа қатысты проблема болмаған. Мәселе гидроэлектростанцияға байланысты болды. Ол жерден кейде су жіберіліп тұратын. Биыл көлде су аз қалды да, сол аудандарда су жетіспеушілігі сезіле бастады. Біз ол мәселеге қатысты арнайы хат жолдап, Алматы облысының әкімдігімен сөйлестік. Бұл жағдайдың жағымсыз салдарын барынша азайтқымыз келеді», - деді ол.