Магистратура дәрежесі бойынша мемлекеттік білім гранттарына ие болғандардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Грант иелерінің толық тізімін ҚР Білім және ғылым министрлігі өз Telegram-каналында жариялады.
Еске салайық, бұған дейін 2020-2021 оқу жылына магистратура бойынша қай бағытқа қанша грант бөлінгені туралы хабарлаған едік.
Атап айтқанда, педагогика ғылымдары бойынша - 3 267, өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша - 570, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыты бойынша - 401, бизнес басқару және құқық саласында - 825, жаратылыстану, математика, статистика бағыттарында - 963, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша - 1 170, инженерлік өңдеу және құрылыс материалды бойынша - 2 250 , ауыл шаруашылығы және биоресурстар бойынша - 204, ветеринарияда - 72, денсаулық сақтау бағытында - 115, қызмет көрсету саласы бойынша 237 грант тағайындалды.
«Республикада ең жоғары конкурс шет тілі педагогтарын даярлау бағыты бойынша болды. 150 балдың 134 балмен өтті. Ал ең төменгі конкурс ветеринария бағытында орын алды. Бұл бағытта 72 грант тағайындалған еді. Конкурс нәтижелерін Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында жариялаймыз», - деді бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев.