14 ақп, 2024 сағат 11:30

Тәкиевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды


Жақында Қаржы министрі болып тағайындалған Мәди Тәкиевтің депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы жарлық шықты деп хабарлайды «Ұлт Ақпарат».

«Қазақстан Республикасы президентінің 2024 жылғы 6 ақпандағы нөмірі 457 жарлығымен ҚР Мәжілісінің депутаты Мәди Төкешұлы Тәкиев ҚР Қаржы Министрі лауазымына тағайындалды. Осыған орай ҚР Орталық сайлау коммисиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституциясының 52 бабына ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңының 24 бабының 3 және 8 тармақтарына сәйкес ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Төкешұлы Тәкиевтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр»-деп жариялады Орталық сайлау коммисиясының мүшесі Шавхат Өтемісов 14 ақпанда өткен Мәжіліс отырысында. 

Жаңадан тағайындалған Қаржы министрі Мәди Тәкиев депутаттық мандаттағы бір жылдық тәжиірибесі министрлік қызметінде үлкен көмек болатындығын жеткізіп, Қаржы министрі қызметінде Мәди Тәкиев қандай жұмыстарды атқаратынын айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, қазір бізде бірінші мәселе тез арада салық кодексін енгізуіміз керек. Сонымен қатар депутаттармен бірге жасап шығуымыз керек бірталай заңдарымыз бар», -деді Мәди Тәкиев.

Еске салайық, Мәди Тәкиев «AMANAT» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің 8 шақырылым депутаты болып былтыр сайланған. М. Тәкиев қаржы саласының маманы. Депутаттық мандатқа дейін ол 2020-2023 жылдары  Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ал 2019-2020 жылдары Қаржы вице-министрі болды.