07 қар, 2023 сағат 15:47

Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасарлары тағайындалды

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрлері тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды. Сәрсен Абайұлы Құранбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды" - делінген Үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.


Данияр Қадыров мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.

1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 

2000-2004 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі қызметтерде жұмыс істеген.

2004-2005 жылдары — ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; Жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

2005-2007 жылдары — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.

2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды.

2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2015-2019 жылдары — «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры.

2019-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылдан бастап қазірге дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды. 


Қанат Ысқақов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.

1982 жылы Шымкент қаласында туған. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қ. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеген.

2012-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

2021-2023 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.

2023 жылдың қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.


Евгений Кочетов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.

1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

2009-2013 жылдар аралығында «Жас Отан» ЖҚ және «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, консультант болып жұмыс істеді.

Әр жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2016 жылы «Қазконтент» АҚ Kaztube.kz видеопорталының жетекшісі болып тағайындалды.

2016-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2017-2018 жылдары — «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы.

2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары — «Рухани Жаңғыру» КЕАҚ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі.

2020-2023 жылдары — «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры.

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.


Арман Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.

1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы әуендері» МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.

2007-2009 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК домбыра тобының әртісі.

2009-2013 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-де оқытушы, аға оқытушы.

2013-2018 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК бас дирижері.

2018-2023 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ректоры.

2023 жылғы мамыр-шілде аралығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болды.

Сондай-ақ Сәрсен Құранбек мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды.

1976 жылы Жетісу облысында туған. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы «№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.

Ұзақ жылдар бойы спорт саласында қызмет еткен. «Қысқы Азия ойындары мен Олимпиада алауының эстафетасы жөніндегі қалалық дирекция» МКҚК директорының орынбасары, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры, «ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» ММ төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ «ҚР Qazaq kuresi федерациясы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ бас хатшысы, «Қазақстан шөген федерациясы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ бас хатшысы, «Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанында ЗТБ бас директоры болды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.