28 қаз, 2025 сағат 10:54

Луврды тонады деген күдікпен 2 адам тұтқындалды

Фото: ашық дереккөз

Француз полициясы Лувр мұражайын тонады деген күдікпен екі адамды тұтқындады. Мұны Париж прокуратурасы растап отыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Дерекке сай, күдіктілердің бірі Шарль-де-Голь әуежайынан Алжирге ұшарда, екіншісі қала шетінде ұсталған.

Естеріңізге сала кетсек, бір апта бұрын Луврға ұрылар түсіп, құны шамамен 100 млн долларға бағаланған қазыналар қолды болған еді.