Беларусь президенті Александр Лукашенко ШҰЫ-ға мүше елдер басшыларының Астанадағы кеңесі кезінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.
Александр Лукашенко ШЫҰ өте жылдам ықпалды халықаралық ұйымдардың біріне айналып келе жатқанын атап өтті. Айта кетейік, Беларусь - ШЫҰ-ны бақылаушы ел.
"Аймақтық қақтығыстар өршіп тұрған уақытта әлемнің жартысын құрайтын елдердің өзара жақындасуы құнды болып отыр. Бүгінгі күнгі ШЫҰ-ның ерекшелігі, ұйымға мүше елдер қаламаса, ешкім де әлемдегі жағдайды тұрақсыз ете алмайды. Бұл ШЫҰ-ның үлкен әлеуеті. Мұны көру керек - бұл үлкен құндылық. Ауызбіршілік лаңкестік, экстремизм, ұйымдасқан қылмыс сияқты қауіптерге қарсы тұратын негізгі фактор", - дейді Лукашенко.
Беларусь президенті ШЫҰ-ны ешкім әлемдік дамудың ешбір мәселесінен тыс қалдыра алмайтынын айтады.
"ШЫҰ беделі артып келе жатқанын оған мүше елдер қатарының артып келе жатқаны көрсетіп отыр. Екі алпауыт мемлекет - Үндістан мен Пәкістан - ұйымның толық мүшесі атанды. Бұл саммиттің ең маңызды жетістігі", - деп білдірді өз пікірін Беларусь басшысы.
Өзінің отырыс кезіндегі сөзінде Лукашенко құрлықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз ету бастамасын қолдайтыны айтты.
"Бұл мәселе өршіп тұр. Азық-түліктің ірі өндірушісі ретінде Беларусь бұл саладағы қолдан жасалған кедергілердің жойылуын қолдайды. Айналып келгенде осы ұйым біріктіріп отырған елдер өз халықтарын тамақтандыру қажет. Сонымен қатар, Еуразияда тауар, қаржы, жұмыс күшінің айналымына кедергілерді жоюға үлкен мән береміз. Бұл мәселені бүкіл әлем ұмытатындай етіп шешуіміз керек, өйткені Еуразия құрлығы - біздің ғаламшардың негізгі құрлығы", - дейді Лукашенко Астанадағы отырыс кезінде.