#
#
Бейсенбі 09/07/2020

«Ливерпуль» жеті тур бұрын чемпион атанды

  • 26.06.2020
  • 0
  • 230

Англия Премьер-лигасында «Ливерпуль» командасы жеті тур бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ливерпуль» басты қарсыласы - «Манчестер Сити» клубынан 23 ұпайға озып кеткен болатын. Соңғы турда «Ливерпуль» «Кристалл Пэлас» командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңсе, «Манчестер Сити» «Челсиге» 1:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, биылғы чемпион анықталды. 

Айта кетерлігі, «Ливерпуль» чемпиондық атаққа қол жеткізу жөнінен рекорд орнатты. Ол жеті тур бұрын алтын медаль тағдырын шешіп қойды. Бұдан бұрын 2001 жылы «Челси», 2018 жылы «Манчестер Сити» бес тур бұрын чемпион атанған болатын. 

Естеріңізге сала кетелік, «Ливерпуль» 30 жылдан кейін жеңімпаз тұғырынан көрініп тұр. Олар соңғы рет 1990 жылы чемпион атанған еді. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар