12 жел, 2025 сағат 10:49

Леңгер тұрғыны белгісіз стоматологияда тіс жұлдырғаннан кейін ауыр асқынуларға ұшырады

Фото: egov.press / telegram.org
Түркістан облысына қарасты Леңгер қаласының тұрғыны Айгүл Үсыпбаева тісін жұлдырғаннанкейін ауыр қабыну мен флегмона түріндегі асқынуларға тап болған, деп хабарлайды Ult.kz.

Үсыпбаева барған стомотологиялық клиниканың тіпті атауы да жоқ.

Кейіннен ол клиниканың лицензиясыз жұмыс істеп жатқанын анықтаған. 

Барлық құзырлы органдарға шағымданғанын айтқан зардап шегуші салық органдары мен фармбақылау өз жауаптарын "е-өтініш" арқылы беріп, сараптама жүргізіліп, тексеріс тағайындалғанын жеткізді.

"Маған екі ауыр ота жасалды. Әлі күнге дейін ем алып жүрмін, әлі де еңбекке жарамсыздық демалысымдамын, әлі де салдарымен өмір сүріп келемін", -деді Айгүл Үсыпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.