28 қаң, 2019 сағат 21:29

Лавров Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі табысты жұмысымен құттықтады

РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесуде Қазақстанды 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына тұрақты емес мүше ретінде табысты атсалысуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Сізді Мәскеуде көргеніме қуаныштымын. Бейбіт Бәкірұлы, мен Сізді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалуыңызбен тағы да құттықтаймын», - деді С. Лавров қазақстандық елшіге.

Ресейлік министр екі елдің басшылары бекітетін келісімдер аясында Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын, стратегиялық серіктестігін нығайту жұмыстарын бірлесе жалғастыратындарына сенім білдірді.

«Сыртқы саяси үйлестіру туралы айта келе, қазақстандық әріптестерді 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына тұрақты емес мүше ретінде табысты атсалысуымен құттықтаймын. Сирия бойынша жоғары деңгейлі халықаралық кездесулерде достарымыздың көрсеткен көмегін жоғары бағалаймыз. Кезекті кездесу Астанада келесі айдың басында өтеді.

Қазақстанның Ақтау қаласында жиырма жылдық келіссөздерден кейін Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойылуымен де құттықтаймыз», - деп атап өтті Сергей Лавров.