14 қыр, 2021 сағат 15:57

Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады


Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық шарасы барысында ірі есірткі алқабын анықтады. 

Есірткі Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылынан 100 шақырым қашықтықта, далалық жерде егілген. Оқиға орнында күдікті үш ер адам ұсталды. 

Олар 2479 түп сора өсімдігін арнайылап баптап, егіп өсірген. 

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.