11 ақп, 2020 сағат 18:00

Қызылордадағы Абай ауылында Абай шығармашылығы насихатталды

Қызылорда облыстық филармониясы қазақтың көрнекті тұлғасы Абайдың 175 жылдығына орай ауылдарда мәдени іс-шаралар өткіузді қолға алды.

Осы орайда Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылында «Абайдың ән әлемі» атты концерт өткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Концертке облыстық филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі және жеке орындаушылары қатысты. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас» , «Желсіз түнде жарық ай» сынды халыққа кеңінен таралған әндерін көрермен бірге шырқалды. Жырау Әділхан Қуаңбаев «Абайға арнау» толғауын алғаш рет көрерменнің назарына ұсынды. Осы концертте Абай өлеңдерін №138 Абай атындағы орта мектеп оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыды.