24 қар, 2021 сағат 21:00

Қызылордада қыздарды жезөкшелікке тартқандар ұсталды



Қызылордада жезөкшелік қызмет ұсынған "жеңгетайлар" ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полицияға демалыс орындарының клиенттеріне жезөкшелік қызмет ұсынылатыны туралы хабар түскен. Осыған орай Қызылорда полиция басқармасының жедел уәкілдері қала орталығындағы 3 демалыс орнын тексеріп, жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады.  

"Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталады. Ал жезөкшелікпен айналысқан қыздар тіркеуге алынды", – деп хабарлады қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетері, өңірде осы жылдың 22 қарашасынан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта "Стоп трафик" жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр. Операцияның басты мақсаты – адам саудасына байланысты қылмыстарды ашуға және ескертуге бағытталған.