Қызылорда облысында отбасылық той өткізген екі нысан анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Екі оқиға да Қызылорда қаласында тіркелді. Қала әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ қала аумағындағы мейрамхана, дәмхана, кафе секілді қоғамдық тамақтану нысандары аралап, онда карантин талаптарын сақтау талабын қадағалайды. Бұл мақсатта тиісті түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
«Мониторингтік топ мүшелері 2-4 сәуір аралығында карантин талабын бұзып, 2 отбасылық той өткізген нысандарды анықтады. Оларды тоқтатып, кемшілікке жол бергендер жазаға тартылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты жалғасады. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін Қызылорда қаласында отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Маска режимі және әлеуметтік қашықтық сақтау - санитарлық талап, әрі азаматтардың қазіргі өміріндегі күнделікті ережеге айналуы тиіс», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімдігінен.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада карантин талаптарын бұзған 2 дәмхананың жұмысы тоқтатылды.