19 там, 2021 сағат 18:42

Қызылордада ауласында 1 мыңнан түптен астам сора өсірген тұрғын ұсталды


Қызылорда облысында өзінің ауласында 1 000 түптен астам есірткі өсірген тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Қызылорда қаласының 48 жастағы тұрғынын ұстады. 

Оның ауласынан мың түптен аса сора өсімдігі табылды. Олардың әрқайсысы 3-4 метр биік болып өскеп, бапталған. Сонымен қатар сора кептіріліп дайындалған. Полиция 2 қапқа және көлемі 5 литр болатын 5 дана пластик ыдысқа нығыздалып салынған шөп ұнтағын тапты. Бұл заттар тәркіленді, Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес, аталған азаматтан жалпы салмағы 320 келіден асатын 1 089 түп сора өсімдігі және 4 келіден асатын марихуана тәркіленді. 

«Күдіктіден жауап алу барысында ол аса ірі көлемдегі есірткіні өзі тұтынатын айтты. Арасында көлеңке жолмен қаражат табу мақсатында сататынын мойындаған. Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігімен және 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.