11 қар, 2021 сағат 17:33

Қызылордада адам қағып, мерт қылған Ресей нөмірлі автокөлік иесі сотталды


Қызылорда облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен ресейлік нөмірлі автокөліктің жүргізушісі 2,6 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 2020 жылдың 11 қазанында Қызылорда қаласы орталық көшелерінің бірінде болды. 

Облыс орталығының тұрғыны орталық көшелердің бірінде ресейлік нөмірі бар «Toyota Corona Premio» маркалы автокөлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

Жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. 

«Сотқа дейінгі тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен жүргізуші ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, ол көлік құралын 5 жыл бойы басқара алмайды. Сот оған жәбірленуші тарапқа 10 млн теңгеге жуық теңге моральдық және материалдық залал өтеуді міндеттеді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.