20 қар, 2020 сағат 12:58

Қызылорда облысында түрмеде терроризмді насихаттаған адам ұсталды

Қызылорда облысында діни алауыздықты тудыруға бағытталған уағыз таратумен айналысқан адам анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Түркістан облысының тұрғыны Қызылорда облысында түзеу мекемесінде жазасын өтіп жатқан. Бұл мақсатта облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің департаментінің қызметкерлері бірлескен іс-шара жүргізді. Нәтижесінде 43 жастағы тұрғынның діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздарды таратумен айналысып жүргені анықталды. 

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес діни уағыздардан терроризмді насихаттау белгілері анықталды. 

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.