30 мау, 2023 сағат 12:21

Қызылорда облысында "Qnet қаржы пирамидасын құрған азамат қамауға алынды

Сурет: instagram.com/qnet_kazakhstan

Қызылорда облысы аумағында «Qnet» қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, ол 2020-2021 жылдар аралығында қаржы пирамидасын құрып, оның қызметіне 38 тұлғаны қатыстырған (зардап шеккендер). Келтірілген залал көлемі - 46 млн теңге.

"Сот санкциясына сәйкес, ол «күзетпен ұстау» түріндегі шарамен 2 ай мерзімге қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді" - делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.