Фото: Stan.kz
2022 жылы «СПК Қызылорда Балық» кәсіпорнының лауазымды тұлғалары кеден органдарына жалған мәлімет ұсынып, құны 254 миллион теңге болатын жалпы салмағы 75 тоннадан асатын көксерке етін Еуропалық одақ елдеріне заңсыз экспорттаған, деп хабарлайды Ult.kz.
«Тексеру барысында бұл шаруашылықтағы су айдыны толықтай кеуіп қалғаны, ал құжатта көрсетілген жүк көліктерінің тасымалдау қызметін іс жүзінде атқармағаны және тоңазытқыш жабдықтармен қамтамасыз етілмегені анықталды. Жалған шот-фактура жазылғаны және балық өнімін тасымалдауға заңсыз ветеринарлық анықтама берілгені дәлелденді», - ҚМА мәлімдемесінде.
ҚМА мәліметінше, сот үкімімен кәсіпорынның құрылтайшысы А.Ерхатов және директоры Л.Қайыпназарова кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Мемлекет пайдасына 254 млн теңге көлеміндегі заңсыз табыс өндірілді.
