28 шіл, 2021 сағат 20:21

Қытайлық жаңа вакцинаны сатып алуды жоспарлап отырмыз – Цой


Қазақстан коронавирусқа қарсы тағы бір қытайлық вакцина сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазір қытайлық жаңа вакцинаны сатып алу жоспары тұр, оны әріптестерімізбен пысықтап жатырмыз және вакцинаны ДДСҰ аккредиттеуден өткізеді. Сондықтан біз үшін вакцинаны мүмкіндігінше тезірек ел ішіне жеткізу өте маңызды. Сондықтан қайта бөлінген кезде нақты келісімшарттар жасалады, оның сомасын сіздерге жариялаймыз. Қазір келісімшартқа қол қою кезеңі жүріп жатыр», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Айта кетейік, 2021 жылға вакцина сатып алу үшін 95 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған.