Димаш Құдайберген Қытайдың ең бай адамы Джек Маның компаниясынан сыйлық алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық әнші Instagram желісіндегі парақшасында Alibaba Group компаниясынан сыйлық алғаны туралы жазды. Аталған компания басшысы - Қытайдың және әлемнің бай адамдарының бірі Джек Ма.
Әзірге Димаш қандай сыйлық алғанын нақтыламады. Ол тек сырт пішініне қарағанда кітапқа ұқсас қара қораптың суретін жариялады.