12 мам, 2022 сағат 09:50

Қытайда ұшақ өртенді


Қытайдың оңтүстік-батысында жолаушылар отырған ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де болған. Tibet Airlines қытайлық әуекомпаниясының A319 әуелайнерінде 122 адам отырған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, Чунцин әуежайының маңында өртеніп кетті. 

Бортта болған 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшелерінің арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Алайда дереккөздердің мәліметінше, 40-қа жуық адам зардап шеккен, олар ауруханаға жеткізілген. Апаттың мән-жайы әзірге белгісіз. 

Одан бөлек, бұл жағдайдан кейін әуежай ұшу-қону жолағын жауып тастаған, рейстер кешігіп жатыр. Ал қонуы керек болған ұшақтар Чэнду Шуанлю әуежайына жіберілген.