18 там, 2020 сағат 12:21

Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны жыл аяғында шығармақ

Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны жыл аяғында шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Қытай ұлттық фармацевтикалық корпорациясы(China National Pharmaceutical Group Corp жасаған коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңіне өтті. 

Осы елдегі сарапшылардың пайымдауынша, вакцинаны тіркеу процесі аяқталғаннан кейін, 2020 жылдың желтоқсан айында өндіріске шығарылады деп күтілуде.

Қытай ұлттық фармацевтикалық корпорациясының құрамына кіретін екі ғылыми-зерттеу институты (Бейжің мен Уханьда орналасқан) бір мезгілде коронавирусқа қарсы вакцина бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенін атап өткен жөн. Вакциналар өндірісін де осы екі институт жүзеге асырады. 

Бейжіңдегі ғылыми-зерттеу институты жылына 120 миллион вакцина шығара алады, ал Уханьдағы институты жылына 100 миллион вакцина шығаруға қауқарлы. 

Қытайлық мамандар вакцинаның бағасы 1000 юаннан(шамамен 60 000 теңге) аспайды деп отыр.