27 сәу, 2023 сағат 14:33

Қытай елшісі Қазақстанмен визасыз режим туралы айтты

сурет ашық дереккөзден алынды

Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытаймен өзара визасыз режим енгізу жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы кулуарында журналистер Қытай елшісінен Қазақстан мен Қытай үкіметтері өз азаматтарына екі бағытта да визасыз режимді қашан енгізетінін сұрады.

"Ондай әңгіме бар. Виза тәртібін жеңілдету мәселесі талқыланып жатыр, дұрыс", - деді Чжан Сяо.

Бұл қашан шешіледі деген нақтылау сұрағына дипломат: "(Келіссөздердің дамуына қарай. - еск.). Биыл. Біз қатты үміттенеміз, әрине", - деп жауап берді.