06 нау, 2023 сағат 13:32

Қытай әскери бюджетін арттырады

Фото: REUTERS

Қытай 2023 жылы әскери бюджет көлемін 7,2 пайызға арттырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянь Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы делегаттарына Қытай Халық Республикасының бюджет жобасын таныстырды.

"Сырттан Қытайды басып-жаншып, тежеу ​​әрекеттері күшейіп тұр.

Бөлінген 1,55 триллион юань (шамамен 225 миллиард доллар) Қытай қарулы күштерінің әскери дайындығы мен білімін күшейтіп, сарбаздарды ұрыс жағдайына дайындауға көбірек күш салып, барлық салаларда әскери белсенділікті арттыруға жұмсалады", - деді Ли.

Қытай әскери шығындар бойынша 800 миллиард долларға жуық бюджетті жоспарлаған АҚШ-тан әлдеқайда артта қалғанымен, әлемде екінші орында тұр. Сонымен қатар, сарапшылар Қытай әскерге ресми түрде жариялағанынан әлдеқайда көп қаржы жұмсайтынын айтады.