14 шіл, 2025 сағат 17:04

Қыркүйектен бастап Wizz Air Абу-Дабиден Қазақстан қалаларына ұшпайды

Фото: ашық дереккөз

Төмен бюджетті әуе тасымалдаушы Wizz Air Абу-Дабидегі операцияларын тоқтатып, негізгі еуропалық нарығына назар аударатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Reuters мәліметінше, компания бұл шешімді геосаяси тұрақсыздық пен нарыққа қолжетімділіктің шектеулі болуымен түсіндірді.

Бастапқыда Орталық және Шығыс Еуропаға бағытталған Wizz Air кейіннен Ұлыбритания, Италия және Австрия нарығына да кеңейген болатын. Енді компания пайдасы жоғары еуропалық нарыққа толықтай назар аударуды жоспарлап отыр.