10 қаз, 2018 сағат 13:19

Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі тағайындалды

Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Жээнбек Кулубаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөліміне сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков осындай жарлыққа қол қойған.

Соңғы уақытта Кулубаев Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Азия және Африка департаментінің директоры лауазымын атқарып келген.

Ол 1963 жылғы 5 сәуірде Ыстықкөл облысының Чырпыкты ауылында туған. Мәскеу әскери институтын, ҚХР СІМ Дипломатиялық институтын (шығыстанушы) бітірген.

Қырғыз, орыс, ағылшын және қытай тілдерін біледі.

Айта кетейік, 2016 жылдан бері Қырғызстанның Қазақстанда елшісі болған жоқ. Көрші республиканың мүдделерімен Қырғыз Республикасының Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Кайнарбек Токтомушев айналысып келген болатын.