22 ақп, 2022 сағат 15:00

Қырғызстаннан келетін импорт 2,5 есе өскен


Қырғызстаннан келетін импорт 2,5 есе өскен. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қытай Халық Республикасымен шекарада әкімшілендіруді күшейтуге байланысты Қытайдан Қырғызстанға тауарлар импортының ағылуы байқалады. Жыл басынан бастап Қырғызстанға Қытай импортының 5 есе өсуі, Қырғызстаннан Қазақстанға импорттың 2,5 есе өсуі тіркелді», - деді министр. 

Айтуынша, қазір Қытай Халық Республикасымен шекарада 900-ге жуық автокөлік, ал уақытша сақтау қоймаларында 1200-ге жуық автокөлік әкімшілендіруді жеңілдетуді күтіп тұр.

«Жыл басынан бері шекара маңындағы бекеттер бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың түсімі 23%, ал көлемі – 26% азайған», - деді Ерұлан Жамаубаев.