Бүгін Бішкектегі «Ала-Тоо» алаңында «Манас» эпосын айту ұзақтығы бойынша рекорд орнатылды, деп хабарлайды Кабар агенттігі.
Жыршы Доолот Сыдықов 14 сағат, 27 минут бойы «Манас» эпосын тоқтаусыз жырлаған. Ол эпосты 12 қараша күні, жергілікті уақытпен сағат 09:43-те оқып бастап, 13 қараша күні түнгі сағат 00:17-де аяқтады.
Айта кетейік, Гиннестің рекордтар кітабына кіру өтінімі 12-сағаттық тоқтаусыз айтқаны үшін берілген еді.
Қырғыздың «Манас» эпосы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мұрасының жауһарлары тізіміне енгізілген. Бұл шешім ЮНЕСКО үкіметаралық комитетінің сегізінші отырысының барысында қабылданған. Ол Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзақ эпос ретінде кіріп отыр.