01 там, 2021 сағат 22:52

Қырғызстанда жоғалып кеткен қазақстандық турист қыздың денесі табылды


Бүшін Қырғызстанның Алакөл жайлауындағы Қаракөл өзенінен жоғалып кеткен қазақстандық турист қыздың денесі табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Кабар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына 6 құтқарушы және полиция қызметкерлері барып, денені судан алып шыққан және оның жоғалып кеткендіктен іздеуде болған 1992 жылғы Қазақстан азаматы екенін анықтаған.

Еске сала кетейік, 15 шілде күні Қазақстан және Ресейден барған 5 турист Ақ-Суу ауданындағы Алакөл жайлауында демалып жатқан, бәрі бір отбасының мүшелері болған. Ата-аналары РФ азаматы, ал олардың қызы ҚР азаматы болған. 

Сол күні 29 жастағы Қазақстан азаматы із-түзсіз жоғалып кеткен. Әкесінің айтуынша ол Қаракөл өзенінің маңында топтан бөлініп қалып, содан кейін жоғалып кеткен.