13 мам, 2021 сағат 18:33

Қырғызстанда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдікті Алматыда ұсталды


Алматы полициясы Қырғызстанда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі кісі өлтірді деген күдікке ілінген 32 жастағы азаматқа іздеу жариялаған.

Бүгін, 13 мамырда Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов күдікті Алматыда ұсталғанын хабарлады.

«Күдіктінің Алматы қаласының аумағында жасырынып жүргені туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде күдікті ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол күдіктіні экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетінін атап өтті.